ТЖМ мәліметтері бойынша, 20 қаңтарда апатты жағдайдың себеп -салдарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін бригаданың күшімен ОҚО Сайрам ауданындағы газ желісі іске қосылды.
Жөндеу жұмыстарына 22 адам және арнайы алты бірлік техника жұмылдырылды.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, Сайрам ауданында Орманшы поселкесінде 17 қаңтарда жер үйлердің бірінде табиғи газ құбыры істен шығып, оның арты жарылыс пен өртті тудырды. Соның салдарынан орта дережелі күйін алған 19 адам ауруханаға жеткізілді.