ОҚО кеденшілері 60 келіден астам күміс тиелген жүк көлігін ұстады

Көлікті сканерлеу кезінде өткізіліп отырған тауардың мәлімделген декларацияға сәйкес келмейтіні анықталды. Тексеру кезінде оның ішінен күміс түсті металдан жасалған 64 келі бұйымдар тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша, бұл 925-ші сынамалы күміс болып табылады. Бірақ нақты жауапты сараптама береді. Қазіргі кезде сот сараптамасы жұмысқа кірісуде. Оның қорытындылары белгілі болған соң, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі.

Жүктің Қазақстан-Түркия бағыты бойынша тасымалданып отырғаны белгілі.