21 желтоқсан, сенбіде қазылар ұжымына облыс сотының жаңа төрағасы таныстырылды. Бұл орынға ҚР Жоғарғы сотында судья болып қызмет атқарған А. Рахматуллин тағайындалды.
Журналистерге берген ақпарат бойынша, ОҚО сот төрағасының қызметін төрт жыл бойы атқарған Тілектес Барпыбаев Алматы қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.