"Түлкібас ауданының қорғаныс істері жөніндегі подполковник шеніндегі басқармасының бастығы 40 мың теңге пара алған кезінде құрықталды. Ол ақша берген әйелдің туысына әскери билет жасап беруге уәде берген болатын ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ,Түлкібас ауданында әділет басқармасының жетекші маманы қолға түсірілді. Ол жылжымайтын мүлікке тыйым салынғаны жөнінде анықтама қағазын тез беру үшін пара талап еткен.
Осы оқиғаларға қатысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде.