ОҚО пара алды деген күдікпен мектеп директоры ұсталды

"Отырар ауданындағы мектептердің бірінің директоры жергілікті тұрғынды бухгалтерлік жұмысқа орналастыру үшін 50 мың теңгені талап еткен", -деді Ж. Мамытова.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 45 жастағы мектеп директоры ақшаны алған кезде құрықталды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.