"Сарыағаш ауданында Ташкент -Алматы тас жолында орналасқан "Қазығұрт" бекетінің жанында 6 ақпанда сағат 16.00 ішкі істер департаментінің шұғыл уәкілдері бес келі есірткіні сатқан кезде Өзбекстанның 22 және 32 жастағы екі азаматын ұстады. Олардың бірі тауардың иесі, екіншісі сатушысы болған ", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз хатшысы, подполковник Салтанат Қаракөзова.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері есірткінің қазақ-өзбек шекарасы арқылы контрабандалық жолмен өткізілгенін анықтаған.
Күдіктілер ұсталып, оларға қатысты ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.