"Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне өз еркімен 100 ден аса қару- жарақ тапсырылды. Комиссия тапсырылған 53 арызды қарастырып, қару жарақты сатып алу жөнінде шешім шығарды", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі подполковник Салтанат Қаракөзова.
Оның сөздері бойынша, шешімдер ОҚО ІІД қаржымен қамтамасыз ету басқармасына жіберілді.
"Комиссия шешімімен азаматтарға 1 млн 944 мың 720 теңге сыйақы төленеді. Қаржы кешеден бастап беріле бастады. Арыз тапсырғандардың құжаттарын қарастыру жұмысы жалғасуда", - деді С. Қаракозова.