"3 медицина қызметкеріне қатысты сот процессі 15 қарашада басталды. 5 адам зардап шеккен деп танылып отыр. Бүгінде зардап шеккендер мен куәгерлерден жауап алынуда", - деп хабарлады Қызығұрт аудандық сот төрағасы Серікбай Төлепбергенов.
Қазығұрт АОА бас дәрігері Әлімжан Атамбековке, оның орынбасары Светлана Нұрхановаға, реанимация бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Балғабай Түзелбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 316 бабының, 2 тармағы (селқостық) бойынша айып тағылуда.
Қазығұрт аудандық ауруханасында жатқан балалардың ВИЧ індетін жеке түрде жұқтырғаны туралы ақпарат, былтыр жаппай жасалған тексерулер нәтижесінде анықталды. Ауданда бұл кеселге 15 бала жән 2 ананың ұрынғандығы тіркелді. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша, 5 бала ВИЧ індетін осы Қазығұрт ауданының ауруханасында емделген кезде жұқтырған.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ОҚО былтыр балалар арасында ВИЧ індетінің белең алғаны белгілі. Қазір бұл дертке облыс бойынша 140 бала шалдыққаны тіркеліп, 10 бала көз жұмып, біреуі шетелге әкетілді. Сондай-ақ, ВИЧ індетін 16 ана жұқтырған.
Былтыр балалардың жаппай дертке шалдығуына қатысы бар дәрігерлер мен медицина қызметкерлері сотталды. Олардың 5 -уі шартты түрде айыпталып, 16-сы бас бостандығынан айырылды. Сотталған 6 адамның жазаны өтеу мерзімі түрлі себептермен кейінге шегерілді. Тағы да алтауы колонияда жазасын өтеудің орнына, үй қамауына жіберілді. Түрмеге тек 4 дәрігер тоғытылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті