ОҚО құтырудан ер адам қайтыс болды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 8 желтоқсанда Шемкенттің жұқпалы аурулар ауруханасына "құтыру" диагнозымен 41 жастағы ер адам жеткізілді.

"9 желтоқсанда облыстық дәрігерлер кеңесінде "құтыру" дерті расталды. Ауру иттің тістеуі немесе басқа жануарлардан жұқтырылғандығы жөнінде деректер жоқ", - деп түсіндірде ТЖМ баспасөз қызметінде.

41 жастағы ер адам қайтыс болды деген хабар 13 желтоқсан күні сағат 16.20 мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен келіп түсті.

Қайтыс болған адаммен қарым-қатынаста болған 9 адам анықталып, медициналық бақылауға алынды.