ОҚО қылмыстық көрсеткіші бірінші тоқсанда 12% ұлғайды

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, бірінші тоқсанда барлығы 2374 қылмыс жасалған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 1550-ден 1622-ге артқан.

"Тонау (139-дан 201-ге, 45%), зорлау (15-тен 24-ке), өзгенің мүлкін ұрлау (718-ден 797,11%) секілді қылмыстар саны артқан. Ал бопсалау болса 4 есе өскен. Өткен жылы 4 бопсалау оқиғасы кездессе, биыл осындай 16 қылмыс тіркелді", - деді А. Будников.

Сонымен бірге облыста әдейі кісі өлтіру (37-ден 33), ауыр дене жарақаттарын салу (33-ден 24), қарақшылық (72-ден 46), бұзақылық (176-ден 158) оқиғалары азайған.

Құқықтық статистика басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Шымкентте ең көп қылмыс жасалған. Мұнда әрбір екінші қылмыс тіркелген. Ал жыл басынан бері мұнда барлығы 1100 қылмыс тіркеуге алынған.

Жасөспірімдер жасаған қылмыс 84-тен 89-ға көтерілген.

"Биылғы бірінші тоқсанда қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған 116 бала анықталды. оның 88-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады А. Будников.

"Жасөспірімдер көбінесе мүліктің қылмыстар жасаған. Ол 34 тонау мен 23 ұрлық", - деп атап көрсетті ол.