Баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша, 18 шілдеден бастап бір айға созылатын электр желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты "Север-Юг" жоғары вольтті электр желісі бойынша жарықпен қамтамасыз ету тоқтатылды. Осы уақыт аралығында ОҚО тұрғындары қырғыз электрэнергиясын тұтынатын болады. Көрші елден 105-тен 115 Мвт электр қуаты тартылады. 60-70 Мвт Шардара ГЭС өндірілетін болады. Мамандардың есебі бойынша, осы көлемдегі электрэнергиясы оңтүстік тұрғындарын толығымен қамтамасыз етуге жетеді.
Баспасөз-хатшысының айтуынша, егер Шардара су қоймасында егін суару маусымына байланысты су көлемі азаятын болса, Қырғызстан оңтүстікке берілетін электрэнергия көлемін ұлғайтады. Бұл туралы екі ел арасында келісім бар.