"Қатты боран соғып, жолды көру мүмкіндігі болмағандықтан, біз сағат 14.00 жолдарды қайтадан жаптық", - деді К. Балтабаев.
Оның сөздеріне қарағанда, қазіргі кезде жол полициясының қызметкерлері Жамбыл облысына қарай бара жатқан көліктерді тоқтатуда. Сондай-ақ, Байдібек ауданы бағытындағы жолға тосқауыл қойылды.
"Ал Шымкент - Ташкент бағытында не болып жатқанын біз әзірге білмейміз. Ал егер осындай күн райы одан әрі жалғасатын болса, онда ол жақтағы қозғалыс та тоқтатылады", - деп мәлімдеді К. Балтабаев.
Кешеден бері ОҚО қар жауып тұр. Ал бүгінгі күннің екінші жартысында қар күшейіп, боран соқты. Желдің күші секундына 20 метрге дейін жетеді.