ОҚО саңырауқұлақтан уланғандар саны 60 жетті, бес адам қайтыс болды

"Кеше күннің кешінде облыста саңырауқұлақтан уланған 24 отбасы тіркелді,онда 60 адам зардап шексе, олардың 15 он төрт жасқа дейінгі балалар. Уланғандардың бесеуі қайтыс болды, араларыда үш бала бар",-деп хабарладжы М.Сейталиева.

Мемлекеттік санэпидқадағалау департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде ауруханада 17 адам жатыр: 12-Шымкентте(олардың төртеуі реанимация бөлімінде), бесеуі-Төлеби ауданында. Өзгелерінің денсаулығы қанағаттанарлық болғандықтан ауруханадан шыққан.

Зардап шеккендердің айтуынша, бақшадан, өзен жағалауынан, алаңқай жерлерден жиналған саңырауқұлақты жегеннен кейін ауырған. Қазіргі кезде облыс бойынша саңырауқұлақтан улану оқиғасының алдын алу мақсатында, ауқымды түсінік беру шаралары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті