ОҚО Сарыағаш ауданында бір жарым мың үй судың ішінде қалды

Сарыағаш ауданы әкімдігінің соңғы мәліметтері бойынша, Ақтөбе ауылдық аймағының алты ауылында 1020 үй зақымданып, 70 бүлінді. Ал Ошақты ауылдық округында 120 баспана, Жүзімдікте-76 үйдің үшеуі бұзылды. Ал Жамбыл және Бірлесу аймағында 230 үй судың ішінде қалып, 17 қабырғасы құлады.

Сонымен қатар, үш мектеп судың ішінде қалып, Шымкент Жетісай трассасын су басты.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қатты құйған жаңбыр мен қардың еруінен ОҚО жүздеген үйлер судың ішінде қалды.