"Шекара бөлімдерінде жасалған қылмыстар өсуде. 2006 жылы шекарашылар арасында 35 қылмыс тіркелсе, 2007 жылы 51 қылмыс жасалды", - деп атап өтті Б. Түлеев.
Тіркелген қылмыстар қатарында әлімжеттік жасау, жаңадан келгендерге қоқан- лоққы көрсету және т. б оқиғалар тіркелген. Осындай бір дерек былтырғы жылы Дархан шекара бекетінде орын алған. Әскери прокуратурасы анықтағанындай, жаңадан келген сарбаздар үш тәулік бойы қамалып, шекара қызметкерлері тарапынан соққыға жығылған. Соның салдарынан зардап шеккен бір адам қаза болған.
Әскери прокурорлар атап өткеніндей, шекара қызметіндегі жағдайды өзгерту үшін басшылар офицерлер құрамындағы тәртіпті күшейтіп, мамандарды таңдау жұмысында қатаң бақылауды қамтамасыз ету керек.
Сондай-ақ журналистерге хабарлағанындай, былтырғы жылы шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасында қару пайдаланылған 47 тосын оқиға тіркелді.
"2007 жылы қару 40 оқиғада пайдаланылса, 2006 жылы 37 рет қару жарақ қолға алынғаны тіркелді. Яғни, тұрғындардың шекарашыларға шабуыл жасаған оқиғалары да болған",- деп хабарлады Шымкент гарнизонының әскери прокурорының орынбасары Ғалымжан Маханбетов.
Ал заңсыз қару қолданған оқиғалар арасында былтыр бір сарбаз мас күйінде Өзбекстан азаматшасын атып өлтіргендігі тіркелген.Әскери прокуроры орынбасарының айтуынша, осы қылмыс үшін шекара қызметкері 16 жылға бас бостандығынан айрылды.