ОҚО Созақ ауданында болған төтенше жағдай салдарынан келген шығын

Бірінші кезекте қазір зардап шеккен елді мекендердегі электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін шаралар қолдануда.

Комиссияның мәліметтері бойынша Созақ ауданында 19 мектеп пен 200-ге жуық үй зардап шекті. Кейбір елді мекендерде дауыл медициналық және учаскелік полиция бекеттерінің шатырларын жұлып әкетті. Барлығынан гөрі Саукент кенті қатты зардап шекті.