Бүгін жаңартылған кеден кешенінің ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров, Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Садырхан Насыров, ОҚО әкімі Өмірзақ Шүкеев пен облыстағы бақылаушы органдардың басшылары қатысты.
ОҚО бойынша жол көлік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада "енді кеден бекетінде барлық бақылау органдарының өкілдері орналасады" деп көрсетілген.
ОҚО ЖКК баспасөз қызметінің мәліметтерінше, "Қапланбек" кеден бекеті Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар тасымалдауға ең қолайлы өткел ретінде қарастырылуда. Бұл бекет арқылы жылына 22,5 мың автокөлік өтеді. Сонымен қатар мұнда мыңға жуық кедендік декларациялар толтырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті