17 сәуірде кешке жауынның басталғанына қарамастан, әйел мен қыз бала тауға саңырауқұлақ жинауға шықты. Алайда кейін олар үйіне оралмаған.
Түлкібас АІІБ және ОҚО ІІД полицейлері, сонымен қатар құтқарушылар мен еріктілер жоғалғандарды іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстарына барлығы 400 адам жұмылдырылды. Іздеу шараларына қызметтік иттер мен 18 техника тартылды.
Барлық полиция бекеттеріне жоғалғандардың суреті жіберілді. Бұл Іңкәрбек Инабат Нұрқанатқызы (2009 жылы туған, белгілері: бойы 120 см, арықтау, ұзын, қара шашты. Киген киімі: қызыл түсті күрте, қара түсті шалбар, аяғында ақ түсті кеды) және Баймұратова Әшіркүл (1960 жылы туған, Шымкент тұрғыны, белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі арықтау, шашы қысқа, қара түсті. Киген киімі: тоқылған қара шолақ жеңді күрте, жасыл түсті күртеше, қара шалбар, ақ кроссовка).
ОҚО ІІД жоғалғандар туралы кез келген ақпарат білетін азаматтар мен куәгерлерден 8(7252) 21-20-51, 21-21-52, 21-21-87, 21-20-41, немесе "102" телефондары бойынша хабарласуын сұрады.