Тергеу материалдары бойынша, күдіктілер Сарыағаш ауданының мектеп оқушыларын қорқытып, 7000 теңге көлемінде ақша алмақшы болған. Бопсалаушылар бас тартқандарды жазаламақ болып, шолақ мылтықтан оқ атып, екеуін жарақаттайды. Зардап шеккендердің бірінің тізесі, ал екіншісінің жамбасы жарақаттанады. Көп мөлшерде қан жоғалтқан балалардың бірі ауруханада көз жұмды.
Ең ұзақ жазалау мерзімі оқ атқан адамға тағайындалғанын, ал қалғандары жалпы тәртіп колониясында 6 жылға жуық жазасын өтейтінін атап айтамыз.