ОҚО тұрғыны өз баласын 150 мың теңгеге сатпақ болған


Оның хабарлауынша, Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қазан айының басында жалға алған пәтерінде өзінің жаңа туған нәрестесін бір отбасыға 150 мың теңгеге сатпақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғынын құрықтады. «Бүгінде аталған фактіге қатысы бар барлық қатысушыларға ешқайда кетпеу жөнінде бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс қозғалды», - деп атап көрсетті Н.Ораз.