Кешкі мезгілде екеуі серуендіп жүргенде 26 жастағы келіншектің жаңа танысы онымен көңіл қосқысы келетіндігін айтқан. Тек, арсыз ұсыныстан бас тартқан соң көп сөзге келмей соққыға жығыпты. Әсіресе әйелдің басынан аямай таспен төпелей берген. Өлтіріп тынған соң таксиге отырып, Тараз қаласына кетіп қалған. Ол тіпті көршілес Қырғызстанда бой тасалауды жоспарлаған екен. Алайда, полицейлер қаскөйді күннен соң Тараздан тауып алды. Енді біраз уақыт бостандық көрмеуі мүмкін. Ал, марқұмның артында кішкентай қызы мен күйеуі қалды.
Loading...