ОҚО ВИЧ дертіне шалдыққан тағы да екі бала анықталды

"Бүгінгі күні ВИЧ індетіне шалдыққан 149 бала тіркеуде тұр. Бұл қатерді жұқтырған аналар саны да, көз жұмған балалар қатары да сол күйінде қалды ", - деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкері.

Соңғы деректер бойынша, ВИЧ індетіне Шымкентте тұрып жатқан 2005 жылы туған қыз бала және ОҚО Қазығұрт ауданында 2000 жылы дүниеге келген бір бала шалдыққандығы анықталды.

Бүгінгі кезде ОҚО ВИЧ дертін жұқтырған 149 бала (оның 10 көз жұмып, біреуі асырап алынып шетелге кетті) және ВИЧ індетіне шалдыққан 17 ана тіркелген.