Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қолға түсірген күдікті және тағы ды басқа адамдар алдын ала қылмыстық келісімге келіп кәсіпкерлердің айналымындағы қаржысын салықтан шығаруға арналған бірнеше фирмаларды тіркеп құрған.
Сөйтіп жалған "Тандем-Трио" ЖШС, "Галерея және К" ЖШС, "Сириус-07", "Лизинг Х", "Victoria Юг", "Лидия ТоргСтрой", "Erfold LTD" және басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер тіркелген.
"Қылмыстық келісімнің қатысушылары есептік құжаттарды жалған келісімдер бойынша толтырып, соның салдарынан жалпы бюджетке 6 млрд теңге мөлшерінде міндетті төлемдер мен салық түспей қалған ", - деп хабарлады Ж. Мамытова.
Қазіргі кезде бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша(жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.