ОҚО жылыжай шаруашылығы биыл толық дамымайды

"Жылдың басынан біз жылыжай шаруашылығын дамытуға қаржы бөлу жөнінде келіссөздерді ауылшаруашылығын қолдау жөніндегі республикалық қорымен жүргізіп аяқтағанбыз, тіпті олардан хат та келіп түсті, бірақ су тасқынына орай 464 млн теңге зардап шеккен ауылшаруашылық өндірісшілеріне материалдық көмек ретінде берілді", - деп ақпарат берді Т. Есімов.

Т. Есімовтың айтуынша, облыста жаппай жылыжайларды орнату жоспарланған болатын. "Біз құрал- жабдықтарды лизингіге сатып алып, барлық аудандарда оны орнатпақшы болғанбыз. Жалпы біз 97 өтінішті алдық. Бұл үлкен роль арқарар еді. Адамдар оны көзбен көрер еді, бұл үгіт нәсихаттан артық және жылыжайларды орнату қиын емес ", - деді департамент директорының орынбасары.

Мамандардың пікірінше, облыстың оңтүстігінде жылу беру жүйесін жасамай-ақ жылыжайларды орнатуға болады.

"Сарыағашта соңғы рет семинар өткізгенде, біз жылуы жоқ жылыжайды көрсеттік. Онда көкөністер ақпан айында отырғызылып үсті қалың қымталады. Олар күннің сәулесін жинау арқасында үсіп қалудан сақталып өсіп өнеді. Мамырдың басында көкөністерді жинай беруге болады,ал қиярды тіпті одан ертерек алуға болады", - деп хабарлады Т. Есімов.

Оның сөздері бойынша, облыста қаржыландыру жасалмағанымен кейбір жылыжайлар құрылыстары жасалуда.

ОҚО ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері бойынша, 2007 жылы облыста теплицияларды салу үшін 60-тан аса гектар жер алынды.