ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Оқиға 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданында көшеде болған. ОҚО ІІД баспасөз қызметі осы деректі растап отыр.

"Осы дерекке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды, сараптама жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады", - деді полицейлер. 

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарамағында екенін айтты.  "Ол полицияға жеткізілді, онымен қылмыстық істің қажетті тергеу шаралары жүргізілді", - деді ІІД өкілдері. 

Оқи отырыңыз:

Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді

Желіде “танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген гей” деген ақпарат тарап жатыр
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі