ОҚО-да 3 мыңдай балада туылғанынан жүрек ақауы бар

«Республикалық клиникалардың кардиохирургтары 1 мың 235 балаға консультация берді. Олар жалпы ТЖА бар балалардың 44,1%-ын құрайды. Консультация берілген балалардың барлығы ақауларына оперативтік немесе эндоваскулярлық түзетулерге мұқтаж», - деді А. Омарова.

Ол сондай-ақ республикалық клиника деңгейінде 2008-ші жылы - 67 балаға, 2009- 182 балаға, 2010 жылы – 304 балаға операция жасалғанын айтты.

«Сәбилердің жастай қайтыс болуында ТЖА, әртүрлі асқазан-ішеу ақауларынан соң екінші орында», - деді А. Омарова.

Мысалы, 2010 жылы ОҚО-да 75 мың 700 бала туылса, 132 бала туылғанынан жүрек ақауынан қайтыс болды. «Орташа есеппен жылына 450-дей бала туылғанынан жүрек ақауымен туылады да, олардың 350-дейі операцияны қажет етеді», - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.