Белгілі болғандай, мандарин салынған 3 пойыз вагоны Пәкістаннан Ақмола облысына бара жатқан. Жүктің жалпы сомасы 45 мың долларға бағаланды.
«Кедендік бақылау кезінде Шымкентте жүк салмағының көп екені анықталды. Одан табылған тауарлар толықтай декларацияланбаған. Жүктің жалпы салмағы 3 тоннаны құрады, - деді ОҚО Кедендік бақылау департаментінің тергеуші-маманы Бағдат Қырғызалиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 209-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тауар алушы Кедендік бақылау департаментінің депозитті есебіне қажетті соманы енгізгеннен кейін контрабандалық жүкті алып кеткен. Ал заңсыз тауардың бағасы 15 мың долларды құрады.
Басты сөздер: Қылмыспен күрес , Оңтүстік Қазақстан облысы , Кеден