ОҚО-да асқазанына есірткі салып тасыған әйел ұсталды

 – Сізде қандай да бір есірткі, заңға қайшы заттар бар ма сізде?

– Жоқ. Жоқ қой?

– Жоқ.

Тек есірткі күдіктінің киімдеріне емес, ішіне жасырылған. Мұны рентген арқылы байқаған полицейлер, әйелдің дәретке шығуын күтіпті. Асқазаннан алынған героиннің салмағы 42 грамнан асып түскен. Мұнша мол есірткіні ол Тәжікстаннан 600 долларға сатып алыпты. Сөйтіп, бірнеше күнде Қарағанды облысына жеткізбек болған. Егер межелі жерге жетпей асқазандағы пакет жыртылғанда, іштегі шарана да шетінеп кетуі мүмкін еді. 26 жастағы жүкті келіншек 50 мың теңге үшін осындай тәуекелге барған. Қазір тасымалдаушы да, тапсырыс берген Мақтаралдық 25 жастағы жігіт те қамауға алынды.


Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:   

- Бұл осы аптаның арасындағы екінші жәйт. Екі жәйт бойынша да екі екіқабат әйелдер өтіп отыр. Жауапкершілікке тартылып отыр. Ол өткен аптада 1995 жылы туылған азаматша 18 жастағы, ішіндегі нәресте 7 айлық. Ал мына екінші жәйт бойынша ішіндегі нәресте 4 айлық бала ішінде.