уәкiлеттi адам бола тұра өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасауға оқталғаны үшін аудан әкімінің орынбасары лауазымын атқарған С.А. есімді азамат кінәлі деп танылды.
Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі - 177-бабы 3-бөлігінің «г» тармағы бойынша айып тағылып, 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеумен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленіп, бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қамауда қалдырылды.
Сотталушы С.А. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. Ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, арызданушы Е.У-дің сеніміне қиянат жасау арқылы, Қ.Қ-ның атына Жүзімдік ауылдық округінің Сәтбаев елді мекенінен ұзақ мерзімге пайдалануға 14 гектар жайылым жерді беруге шешім шығарып беремін деп соңғы аталған азаматтан 5 000 АҚШ доллары көлемінде қаражат талап еткен. Алайда бөгденің мүлкін алаяқтық жолмен иемденуге бағытталған іс-әрекеті оның өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмей, бұл азамат құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен құрықталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарланған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ресми сайтында.