ОҚО-да бала ұрлаған әженің соты басталды

Еске сала кетейік, сотталушы 2013 жылы Шымкент мектептерінің бірінен 6 жастағы Нұрай Өмірәліні алып кетіп, арада 10 күн өткеннен кейін қыз Бекжан базарының маңынан табылған болатын. Осыған ұқсас екінші оқиға биыл ақпанда Ордабасы ауданының Амангелді ауылында қайталанды. Ауыл, аудан болып, әлеуметтік желілердегі азаматтар да атсалысып, үш күн іздеген 6 жастағы Мұхаммед Қамшыбек Арыс қаласының Сырдария елді мекенінен табылды.

"Немерем қастарында солдаттың киімін киген Мақсат көке болды деп айтты. Бұл оның баласы! Кейін оны машинамен алып кетіп, Бекжан базарының маңына әкеліп тастапты, таңғы сағат 5-те. Біз бала ұрлаушының табылатынына сенген де жоқпыз. Кейін осы әйелдің суретін көрсетіп еді, немерем бірден таныды" - деп еске алады жоғалған қыздың әжесі Мүслима Исмаил.

Мұхаммед Қамшыбектің туысқандарының реніші әлі тарқай қоймапты, кешірім бермейтін сияқты.


"Біз моральдық шығын да талап еткен жоқпыз. Сот қалай шешсе, солай жазасын алсын" - дейді Мұхаммедтің анасы Жанна Ағабекова

Сот процесі жабық жағдайда өтуде. Басында әйелдің туыстары оның кейде біртүрлі көрінгенімен жақсы адам ретінде адамдарды арбай алатын қасиеті бар екенін айтып ақтап алғысы келгенімиен сот-психатриялық сараптама қорытындысы Балжан Орақбаеваның есі дұрыстығын дәлелдеген.