Жәбірленушіге жалпы жарты миллион теңгеден астам қаржы залал келген. Аталған дерек Отырар АІІБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды.
Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде тәртіп сақшылары жергілікті 1992 және 1994 жылғы екі тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Олар тағылған айыптарды мойындап отыр.
Тергеу барысында анықталғаны, ұрланған қойларды күдіктілер пышаққа іліп, етін өткізіп үлгерген. Ал, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Айғақ зат ретінде терілер және ет тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.