ОҚО-да бірқатар басшыларды жұмыстан босату ұсынысы шығарылды

«Тәртіптік кеңесте, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларының, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қожағұловтың, Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Рысбековтің және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ОҚО аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Зыябековке   қатысты тәріптік істер материалдары қаралды», - делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінде.

Тәртіптік кеңестің шешімімен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Ә.Тұрдалинге, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Әлсейітовке, Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімі Б.Арыстановқа, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының заң бөлімі меңгерушісі А.Сәрсенбековке, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі Т.Балабаевқа ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 4-тармақшасында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін «атқаратын қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану Сарыағаш ауданының әкімі Ә.Мақұлбаевқа ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық прокуратурасының 22.11.2013 жылғы №2-1204-2013-03493 ұсынысының қаралу қорытындысы бойынша, Тәртіптік кеңестің шешімімен Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қожағұловқа, Кентау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Рысбековке ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 4-тармақшасында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін «атқаратын қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану Кентау қаласының әкімі Б.Байсаловқа ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының 22.11.2013 жылғы №2-12070-2013-23435 хатының қаралу қорытындысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ОҚО аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Зыябековке ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1- тармағы 4, 7-тармақшаларында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін «атқаратын қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Т.Сейілбековке ұсынылды.