«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент тұрғындарды, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша тапсырмалар жүктеді. 2015 жылы қосымша 43 мың жұмыс орнын құру көзделген. Белгілі бір топқа арналған жұмыс орындары ашылады. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,3%-дан көтерілмейді деп болжап отырмыз», - деді Әсия Темірбаева.
Биыл 36 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, деп атап өтті еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.