ОҚО ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин хабарлағандай, жазатайым оқиға жексенбі күні шымкенттік кәсіпорын қызметкерлері табиғат аясына демалуға шыққан кезде орын алған.
«20 адамнан тұратын компания тауға барып, өзен жағалауы бойымен көтерілмек болған. Сол сәтте 1954 жылы туылған Шымкент тұрғыны аяғы тайып кетіп, 15 метр биіктіктен құлап кеткен», - деді П.Вишенин.
Куәгерлер әйелді құтқара алмаған. Сондықтан дереу құтқарушыларды шақырған. ТЖД қызметкерлері альпинистік жарақпен төмен түсіп, қаза тапқан әйелдің денесін алып шықты.