ОҚО-да діни кітаптар сатылатын арнайы орындар белгіленді

Осындай екі дүкен Түркістан қаласында болса, тағы үшеуі Шымкентте орналасқан. Дүкендерде сондай-ақ діни тақырыптағы дискілер, кассеталар сатылады.

Дүкен сөрелеріне түсудің алдында сатылатын тауар мұқият тексеруден өтті. Сондай-ақ дінтану сараптамасынан өтпеген әдебиет сатылымға түспеуі үшін ішкі істер департаментінің қызметкерлері рейдтер, қосымша тексерістер ұйымдастыруда. Діни кітаптарды бұл орындардан басқа жерлерде сатуға тыйым салынған.