ОҚО-да досының сөзін жерге тастай алмаған жігіт оның тапсырысымен адам өлтірген

Тапсырыспен кісі өлтірген азамат 17 жылға сотталды. Досының сөзін жерге тастай алмаған сотталушы, 100 мың теңге үшін адамды атып тастаған. Оның ісі облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, - деп хабарлайды tvkтелеарнасы.

Тапсырыспен адам өлтірген 25 жасар Солтыбеков Мейірбек Қанатбекұлы Түлкібас ауданының тумасы. Бұрын сотталмаған. Бірақ бұған бір адамның көзін құрту үшін ақша төлегендіктен, нысанаға алынған кісіні үйіне барып өлтіріп кеткен. Жасаған ісін мойнымен көтерткен судья, қылмыстық кодекстің 2 бабымен айыпты деп танып, бас бостандығынан айырды.

“Солтыбеков Мейірбек Қанатбекұлы ҚР ҚК 58 бабының 4 бөлігіне сай, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті Мейірбек Қанатбекұлына 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, – дейді ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейтін болды. Сондай ақ, сот тергеу барысында Солтыбековке ҚР ҚК 296 бабымен тағылған айып бойынша іс қысқартылуға жіберілді.

“Солтыбеков ҚР ҚК 71 бабының, 1 және 3 бөлігіне сай қылмыстық теріс қылықтың ескерту мерзімінің өтуіне байланысты, ҚК 296 бабының 2 бөлігінде көзделген әрекеттер бойынша, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, айыптың бұл бөлігі қысқартылсын. Заттай дәлеледеме ретінде танылған кептірілген марихуанна салмағы 40,63 гр . Конобис смаласы, салмағы 0,005 гр . Сондай ақ, екі қолынан алынған шайындылар жойылсын”, – дейді ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.


Қанды оқиға осыдан 4 жыл бұрын яғни 2013 жылы Түлкібас ауданында орын алған. Мәселе жер дауынан шыққан. Судьяның мәліметінше сотталушыға өзінің досы, адам өлтіру үшін 100 мың теңге ұсынған. Нәтижесінде, Мейірбек Қанатбекұлы досына жақпаған кісіні үйіне барып атып кеткен. Өзі оқиға орнынан бой тасалағанымен 4 жылдан кейін қолға түсіп отыр. Яғни, биыл тамыз айында Алматы қаласында ұсталды. Ал, кісі өлтіруге тапсырыс берген ер азамат сол жылы сотталған.