ОҚО-да Дубайлық инвесторлар ет өңдеу зауытын салмақ

«Жалпы құны 30 млн доллар жоба аясында дубайлық инвесторлар 20 мың ірі қара бордақылау алаңы мен жылына 5 мың тонна ет өңдейтін зауыт салмақшы», делінген ақпар хатта.

Бүгінде жобаны жүзеге асырудың шарттары мен егжей-тегжейлі тетіктері Оңтүстік Қазақстан облысының жетекшілігі деңгейінде талқыланып, Бәйдібек ауданынан 17 мың мал жайылымдық жер мен 2 мың гектар суармалы жер, сондай-ақ, зауыт салу үшін аудандағы индустриалды аймақтан 5 гектар жер телімі бөлінуде.  

Жобаның ерекшелігі сол, мұнда өндірілген ет «халал» стандартына сәйкестендіріліп, оның басым бөлігі мұсылман елдеріне экспортталмақ. Бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, оның ішінде қарапайым шаруаларға өз өнімін тұрақты түрде қымбат бағада экспорттауға мүмкіндік береді.  

Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірлігінде тіркелген «AMK METAL FZCO» компаниясы 20 жылдан бері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын.