ОҚО-да дүлей дауыл әлі ойран салуда


Мұнда секундына 28 метрге дейін соққан жел ондаған үйдің шатырын ұшырып, көліктердің үстіне ағаштар құлаған. 7 адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Бесеуі ем-дом алып үйіне қайтқан. Ал 45 жастағы әйел мен 7 жасар қыз бала қазір ауыр хәлде жатыр. Әсіресе жансақтау бөліміндегі әйелдің жағдайы мүшкіл. Ол дауылдан паналамақ болып дүкенге кіргенде қабырға құлап, қирандының астында қалған. Дәрігерлер Сайрам ауданында табиғат апатынан бұрын соңды көп адамның бұлайша ауруханаға түспегенін айтады.