ОҚО-да экс-депутат Баха-бахадан миллион доллар бопсалаған


ОҚО-да бұрынғы депутат ақша бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиевқа сілтеме жасап.

Аудандық мәслихаттың экс-депутаты Бақытжан Аймырза 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Экс-депутат аса ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін айыпты деп танылды. "Баха-баха" лақап есімді кәсіпкер танысынан өзінің атына темірбетон зауытын жаздыртып, одан миллион доллар ақша беруін талап еткен. Ер адам биыл мамыр айында өз үйінде ақшаның бірінші бөлігін алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Сондай-ақ, соттағылар экс-депутаттың мүлкі тәркіленетінін айтты. Бақытжан Аймырза Сайрам аудандық телеарнасын басқарған және оның бірнеше мейрамханасы бар.