Қазақтар бұл дертті көкала деп атаған болатын. Негізінен жануарлардың үстіндегі кенелерден жұғады. Көктемде жүргізілген тексерулер кезінде 27 мың кененің 70-інен аталған дертті жұқтыратын вирус табылған болатын. Биылдың өзінде 3 мыңға тарта азамат кене шақты деп дәрігерге қаралған. Конго-қырым қанды безгегін жұқтырған екі адам дер кезінде ем алып, аттай жазылып кетті. Ал қайтыс болғандардың медициналық көмекке кеш жүгінгенін айтады. Ауру шыққан үйлерде эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Қайтыс болғандармен қарым-қатнаста болған азаматтар анықталды. Жұмағұл Медетов, ОҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары: - Соның ішінде жоғары деңгейде қарым-қатнаста болған адамдарға алдын алу емі тағайындалды. Ал қалған қарым-қатынаста болғандарға қазір медициналық бақылау жүргізілуде, - деп хабарлады
http://24.kz/kz.