ОҚО-да ер адам әйелімен ажырасқаннан соң туған ұлдарын ұрлап әкетіп, өлтіріп тастаған


Полиция қызметкерлері сұмдық қылмысты жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол туралы ер адамды көптеген пышақ жарасы салынған күйде жеткізген дәрігерлер хабарлады. Полицейлер анықтағандай, бұл жараны ол екі ұлын өлтіріп, үйін өртеп жіберген соң, өмірмен қош айтысу үшін өзіне-өзі салған. Өліммен қауышқанға дейін бір күн бұрын ер адам өзінің бұрынғы әйелінен 2 және 4 жастағы ұлдарын ұрлап әкеткен. Ұлдарын Созаққа өзінің үйіне алып келген. Түнде, ұлдары ұйықтап қалған кезде, әкесі асүй пышағымен олардың кеудесінен ұрып, тамағынан бауыздаған. Содан соң үйін өртеп жіберіп, өзінің күретамыры мен тамағын кесіп, кеудесіне бірнеше рет соққы салған. Алайда, болып жатқан оқиғаны көршілері көріп қалып, жедел жәрдем шақырған. Қазір ер адамға қос қылмысты жасағаны үшін айып тағылды. Ол күзетке алынды. Полицейлерге белгілі болғандай, күдіктінің жоғары білімі бар, мамандығы - оқытушы, бірақ қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Психологиялық диспансерде тіркеуге алынбаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.