ОҚО-да ер адам оқушы қызды ұрлап кетіп, зорлаған


Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, бұл қылмыстың бетін Мақтаарал ауданының прокурорлары ашқан. Ер адам азаматтық некеге тұру үшін қызды ұрлап алып кетіп, кейін зорлаған. Прокуратура мәліметінше, бұл әрекет жапа шегушінің анасының келісімімен жүзеге асырылған. 

«Біздің прокурорлардың деректерінше, анасы қызын алдап Жетісайға шақырған. Онда қызды жергілікті тұрғын ұрлап әкеткен», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Шымкенттегі мектептің 9-сынып оқушысы әкесінің үйінде тұрып жатыр. Прокуратурада қыздың ата-анасы ажырасып кеткендерін айтты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабы «адам ұрлау» және 120-бабы «кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлау» фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.