ОҚО-да І жарты жылдықта «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Т7,8 млрд соманың 62 жобасы қолдау тапты

«Бірінші бағыт – «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бойынша Т2, 151 млрд соманың 16 жобасы үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мақұлданды. Бұл бағыт бойынша жалпы сомасы Т778,5 млн-ның екі жобасы үшін несиелер бойынша жартылай кепілдендіру жасалды», - деді Н. Әлтаев сәрсенбі күні.

ӨКБ бастығының айтуынша, екінші бағыт - өндірістік индустриалды инфрақұрылымды дамыту бойынша Т2,6 млрд соманың 38 жобасы мақұлданды. «Соманың негізгі бөлігі Шымкенттің индустриалды аймағының аумағында орналасқан жобаларға қарастырылған. Сондай-ақ, қаржы «Сауда-логистикалық орталық» инвестициялық жобасына инфрақұрылым тартуға да бағытталды», - деп нақтылады Н. Әлтаев.

Үшінгі бағыт – кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету бойынша Т2,15 млрд соманың 6 жобасы үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланды.

«Осы процедуралардың арқасында 3113жұмыс орны сақталды. Жобалар толығымен жүзеге асырылғанда 1081 жаңа жұмыс орны құрылады», - дейді басқарма бастығы.