ОҚО-да ірі жол апатынан бір әйел мен кішкентай екі бала көз жұмды

Оқиға бүгін таңертең орын алған. Шымкент-Самара тас жолының бойында «Опель вектра» мен «Лада» көліктері соқтығысып, соңғысының салонында болған 1966 жылғы әйел мен 10 жасар екі бала қайтыс болды. Полицейлердің мәліметінше, Опель көлігінің 1994 жылғы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.

Ладаның жүргізушісі мен салонда болған тағы 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олар түрлі дене жарақаттарын алған. Араларында 2 және 11 жасар екі бала бар.


Ал, 23 жастағы Опель жүргізушісі ауыр халде Ордабасы аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.