ОҚО-да машинаның арнаға құлауы кезінде 7 адам мерт болды


«Газалкент арнасына «Нива» маркалы автомобиль құлап кетті. Машинада 10 адам болды. Алтауы суға кетті, төрт жолаушыны куәгер құтқарды. Ол апатты көрген бойда суға секірді. Бірақ та құтқару операциясынан кейін оның өзін күшті ағын бой бермей алып кетті. Қазір қайғылы оқиғаның себептері анықталуда», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.