Облыстық прокуратураның хабарлауынша, педагог 14 жасар қыз баланың намысына тиіп, оны өз-өзіне қол салуға итермеледі деп танылды.
Іс материалдарына сүйенсек, мұғалім оқушы қызды «ауыл тұрғындары мен анасының көзінше қорлап, шыбықпен ұрған» көрінеді. Онымен қоймай, педагог оқушы қыздың бетінен тартып жіберіпті.
Осы оқиғадан кейін үш күн өткен соң қыз асылып өлген. Қоштасу хатында ол ата-анасынан әлгі мұғалімді жаназасына кіргізбеуді сұрапты.