бастауыш әскери даярлық пәнінің мұғалімі оқушыны тапсырмалы қайталауды сұрағаны үшін соққыға жыққан.
11-сынып оқушысы Дәулет Құлтай тапсырманы қайталауды сұрағаны үшін таяқ жегенін әңгімелейді. Педагог оны әуелі сыныпта сыныптастарының көзінше соққыға жыққан, содан кейін көшеге алып шығып, ұруды жалғастырған, деп жазады Отырар.кз.
«Мен басымды қабырғаға соғып, есімнен танып қалдым», - деді оқушы.
Мектеп басшылығы бұл оқиға бойынша қазір тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
«Мұқият тексеріп, анықтағаннан кейін бұл педагогке қандай шара қолданылатынын шешеміз. Қазір онымен Қаратау ауданының прокуратурасы айналысуда», - деді мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлмира Әбетаева.