ОҚО-да мұнай базасындағы өрт толық сөндірілді

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі хабарлады.

Еске сала кетейік, ОҚО мұнай базасында ішінде жанар-жағармайы болған 12 цистерна өртенді.Оқыс оқиға Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында, Қарабұлақ кентіне жақын маңда болған. Мәліметтерге қарағанда вагондардың цистерналарға соқтығысуы салдарынан от тұтанған.

Облысытық ТЖК қызметкерлері өртті үшінші деңгейлі деп бағалады. Бұл аса қауіпті болып саналады. Куәгерлердің хабарлауынша, жел болғандықтан қызыл жалын тез тараған.