ОҚО-да өртенген сауда орталығының әкімшілігі өрт сөндірушілерді сотқа бермек


Сухраб Ергешев, Сауда орталығының әкімшісі:

- Енді біздің өкпеміз осы жергілікті өрт сөндірушілерге болып тұр. Олар келгенде осы жерде соткамен айналысатын бутик тұрған. Сол жанып жатқан.

Естеріңізге сала кетсек, 13-ші қыркүйек күні 3 қабатты сауда орталығы өртеніп, жүз шақты кәсіпкердің тауары мен жергілікті телеарна түгел жанып кеткен болатын. Бірақ та Оңтүстік қазақстандық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өртке сауда орталығының өздері кінәлі деп қарсы пікір айтты. Сөздеріне сенсек, ғимараттың күзетшілері от шыққан соң 2 сағаттан кейін ғана шақырған. Өрт сөндірушілер келгенше 3 қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабаты тұтастай отқа оранып үлгеріпті. Оған дейін сауда орталығы әкімшілігі тілсіз жаумен өздері алысқан көрінеді.