Ғаламторда қызу талқыланып жатқан осы таспа. Көліктің жарығын қоспай келе жатқан қызды жол сақшылары тоқтатқанда оның құжаты да болмаған. Хаттама толтырмақ болғанда бойжеткен инспекторларды балағаттап, жұдырық ала жүгіріпті. Тіпті, қолындағы шөлмекті сындырып, соның жарықшағымен бір полицейді жарақаттаған. Долы қыз сол мезетте тұтқындалды. Енді жол ережесін бұзғаны үшін екі әкімшілік айыппұл салынып, билік өкіліне бағынбағаны үшін де қылмыстық іс қозғалды.
Loading...